Қызылордада үш жасар сәби төртінші қабаттан құлап, аман қалды
Қызылордада үш жасар сәби төртінші қабаттан құлап кетті. Қазір баланың жағдайы жақсарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыс орталығындағы "Арай" мөлтек ауданында 3 жасар сәби 4-қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді. Қазір баланың жағдайы жақсы.
Оқиға бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Кейінгі жылдарда қалада балалардың көпқабатты тұрғын үй терезесінен құлап кету жағдайы жиі тіркелуде.
"Биыл мұндай 3 жағдай тіркелген. Былтыр 10 бала терезеден құлап, оның 2-і қаза тапты. Осы себепті жаз бойы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізеді", – деді Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түймебаев.
"Өш алу үшін жасады": ҚазҰУ-да жұмыстан кеткен оқытушылардың бірі даудың қалай басталғанын айтып берді
Жұмыстан босатылған 4 оқушының біреуі сұхбат берді
"Миллиондар жоғалттым": Қазақстандықтар трейдингпен айналысамын деп сан соғып қалғандарын айтты
"500 мың теңгеге курс алып, бүкіл депозитімнен айырылдым"