Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада топтық төбелесте жасөспірім пышақталған

Қызылордада болған төбелес кезінде жасөспірім пышақталған. Топтық төбелесте зардап шеккен зәбірленуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме беріп.

13 мамыр күні көпқабатты үйлердің бірінің ауласында жасөспірімдердің арасында жанжал туындап, топтық төбелеске ұласқан. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері төбелестің жолын кесіп, оқиға орнынан қалалық Полиция басқармасына 14 жасөспірімді жеткізді. Төбелес салдарынан бір жасөспірім пышақ жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Жасөспірімнің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Күдікті ретінде кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, басты шара ретінде күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды. Қалған жасөспірімдердің іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен (Бұзақылық, суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып жасалған іс-әрекеттер) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Топтық төбелеске қатысқан жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК 127-бабы 3-бөлігіне (Ата-ананың немесе заңды өкілдерінің балаларын тәрбиелеуде міндеттерін орындамауы кәмелетке толмаған адамның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекеті) сәйкес әкімшілік шара көру мәселесі қарастырылуда.

Қызылорда қалалық ПБ-ның басшылығы ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта үйден тыс жерде үлкендердің қарауынсыз жүрмеуін қатаң ескертеді. Олардың қараусыз жүруі құқық бұзушылық жасауының негізгі себебі болуы мүмкін екенін тағы да атап айтады.

 

Талқылау