Қызылордада пара алған бөлім басшысына 15 млн теңге айыппұл салынды
Қызылордада пара алған мемлекеттік қызметкерге сот үкімімен 15 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпара агенттігі Qazaqstan арнасына сілте ме жасап.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бөлім басшысы 500 мың теңге пара алды деп айыпталған.
Бұл ақшаны экс-шенді 2021-2022 жылдары жол жөндеу жұмыстарының орындалу актілеріне қол қойғаны үшін мердігер компаниядан алған. Жемқорлыққа барған басшы кінәсін мойындап, жазасы жеңілдетілді.
Дегенмен сот шешіміне сәйкес, ол мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Мұнай бағасы барреліне 200 долларға жетсе Қазақстанға пайда әкеле ме әлде қауіп пе
Мұндай шектен тыс қымбатшылық өз-өзін жоятын механизмді іске қосады дейді сарапшы
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойлаймыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"