Қызылордада ер адам қызды интимдік суреттерді жариялаймын деп бопсалаған
Қызылордада ер адам қызды интимдік суреттерімен бопсалаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға 29 жастағы әйел хабарласқан. Ол танысының әлеуметтік желіде интимдік сипаттағы суреттерді жариялаймын деп қорқытып ақша бопсалағанын айтты.
"Осы факті бойынша Қызылорда қаласы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 33 жастағы облыс тұрғыны ұсталды. Айғақты заттар тәркіленді", - делінген хабарламада.
Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабының 1-бөлігі "Бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған