Қызылордада босанғаннан соң күйзеліске түскен үш баланың анасы жоғалып кетті
Қызылордалық полицейлер үш тәуліктен бері үш баланың анасын іздестіріп жатыр. Жоғалған келіншек босанғаннан кейін қатты күйзеліске түсіп, ақыр соңы үйден белгісіз жаққа шығып кетті дейді туыстары. Қазір сақшыларға еріктілер тобы қосылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
Жолдасының айтуынша, бұрын денсаулығына ешқандай шағымы болмаған София Әбітева босанғаннан кейін психологиялық қиын кезеңде жүрген. Содан кейін мінезі тұйықталып кеткен.
Үшінші баласын босанғаннан кейін 5 айдай күйзелісте жүрген әйел үш күн бұрын үйінен шығып кетіпті. Келіншекті көрген, білген жан жоқ.
Полицейлердің сөзіне қарағанда, іздеу жұмыстары облыс көлемінде жүргізіліп жатыр.
"Жолдасының айтуынша, босанғаннан кейінгі күйзеліс, бас ауруы. Ұялы телефонын үйіне тастап кеткен. Бәріне бағыт-бағдар берілді. Халық көп шоғырланатын жерлерге суреттері ілінді", - деді Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің инспекторы Бағдат Шахметов.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”