Қызылордада анасы жаңа туған баласын көшеге лақтырып жіберген
Қызылордада көшеден жаңа туған нәресте тауып алған әйел полицияға арызданған. Тәртіп сақшылары арызданушының "табылған" баланың анасы екенін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 2022 жылғы 15 сәуірде сағат 19:30 шамасында Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің шетінен жаңа туған нәрестенің табылуы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.
"Полицейлер баланы тауып алған ауыл тұрғыны оның анасы екенін анықтады, оны өзі босанған, ал полицейлерге "нәрестені көшеден тауып алдым" деп жалған ақпарат таратқан", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір ана мен бала перзентханада емделіп жатыр.
"Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады полиция.
Бұған дейін Қостанайда жаңа туған нәресте салынған сөмке табылғаны туралы белгілі болған.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"