Қызылорда облысында "Отбасы банк" АҚ ұйымдастырған "Жинақ марафоны – 2020" байқауының қорытындысы жарияланды

Жаңақорған ауданының  4 мыңнана астам тұрғыны банкке сенім артып, баспаналы болу үшін салымдарына қаражат құйып, "Жинақ марафоны – 2020" байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Марапаттау рәсімінде аудан әкімі Руслан Рустемов пен  "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ  Қызылорда филиалының директоры Әділжан Саулебаев халықты құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. 

"Жинақ марафонының халыққа тигізер пайдасы өте көп. Ең бірінші кезекте ақшаны дұрыс пайдалануға үйретсе, екінші кезекте баспана жағдайының жақсаруына зор септігін тигізеді. Ипотекалық нарықтағы көшбасшы банкпен серіктес болып, халыққа пайдалы жұмыс жасағынымыз үшін қуаныштымыз" -  деді Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рустемов.

Биыл аудан бойынша тиісті қаржысын жинаған 36 адам банк ұсынған бағдарламалар арқылы облыс орталығынан тұрғын үй алып, қоныс тойын тойлады. Алдағы уақытта да жеке шаршы метрлерге қол жеткізіп, қуанышы еселенген тұрғындардың саны артпақ. Себебі, ауданда баспаналы болуды мақсат еткендер көп.
Жалпы "Отбасы банктің" ресми өкілдері бүгінде облыстың 7 ауданы мен Байқоңыр қаласында тұрғындарға кеңес беріп, үйлі болудың тиімді жолдарын түсіндіріп келеді. Мәселен, биыл банкке сенім артқан 1200 сырбойылық жаңа қонысқа ие болды.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр