Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызылордалық екі полицейге қатысты қылмыстық іс қозғады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Қызылорда облысындағы екі полицейге қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Polisia.kz
Қызылорда облысының прокуратурасы істің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау фактісі бойынша тіркелгенін жеткізді.
“19 маусымда ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау фактісі бойынша Т.Н Қармақшы ауданы полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің қызметкері және Ж.К учаскелік полиция инспекторы ұсталды. 21 Маусымда тергеу соты күдіктілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Қазір қылмыстық іс Қармақшы аудандық сотына қарауға берілді", – делінген хабарламада.
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат бұрын да таралған еді.
"Күдіктілер учаскелік инспектор және жергілікті көші-қон полициясының инспекторы болып шықты", – делінген хабарламада.