Қызылорда облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты
Қызылорда облысында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жол апаты 14 шілде күні Шымкент-Самара тас жолында Баймұрат ауылының маңында болған. Жолаушылар автобусы Қызылордадан Қазалыға бара жатқан.
"Жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында, автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеде қайтыс болды. Автобус жүргізушісі мен үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, олардың біріне алғашқы медициналық көмек көрсетілді", – делінген полиция хабарламасында.
Жол-көлік оқиғасына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі – "Көлiк құралдарын басқарушылардың адам өліміне әкеп соқтырған жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша тергеу басталды.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі