Қызылорда облысында 7 мыңнан астам тұрғынға өзіне тиесілі тегін дәрілер берілмеген
Қызылорда облысының прокуратурасы 7 мыңнан астам тұрғын өзіне тиесілі тегін дәрі-дәрмекті алмағанын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Тегін медициналық көмек аясында облыстың тұрғындары дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмеген.
Сондай-ақ емханаларда балалардың жасы ескерілмей, кәмелетке толмағандарға мыңнан астам дәрі-дәрмек негізсіз жазылған.
"Дәрігердің нұсқауынсыз 170 адам инсулиндік дәрі-дәрмек алған. 68 дәрі-дәрмекті сақтау талаптары бұзылып, салдарынан екі науқасқа жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмек тағайындалған. Сондай-ақ облыстағы 14 медициналық ұйымда 19 қызметкер заңсыз фармацевтикалық қызметті жүзеге асырған", – делінген хабарламада.
Осы бойынша уәкілетті органдарға прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, 93 тұлға жауапкершілікке тартылғаны атап өтілді.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан