Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қызды аяусыз ұрып, зорлаған”: Риддерде уақытша ұстау изоляторының бұрынғы басшысы сотталды

ШҚО-да уақытша ұстау изоляторында қыз зорлады деп айыпталға изоляторының бұрынғы басшысы Ақсартов 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Бұл туралы Дина Таңсәрі жазды.

2022 жылдың мамыр айында қызды уақытша ұстау изоляторының бастығы Ақсартов аяусыз ұрып-соғып, зорлағаны туралы белгілі болған.

Жәбірленушінің денесінде зорлау белгілерінен бөлек төс сүйегінің сынуы, ми жарақаты және гематомалар болған. 

2023 жылдың 29 мамырында Риддер қалалық сотының судьясы Ноғаев сотталушыны ақтады. Ал 2023 жылдың шілде айында апелляциялық сот өтті. Бұл сотта сотталушы тағы да ақталып шыққан. Артынша жоғарғы сот іс материалдарымен танысып, істі тергеуге қайтадан қайтарып, осыған дейінгі сот үкімдерін күшін жою туралы шешім қабылданды.

“Сотқа дейінгі тергеуді мұқият жүргізгені үшін ШҚО ішкі қауіпсіздік басқармасының тергеушісі полиция капитаны Кеңесбек Зәуре, ШҚО ІІД бастығы полиция полковнигі Сағдолдаевқа алғыс білдіреміз. Жәбірленушінің адвокаты Мәншүк Медихановаға және Әжібек Қайрат қорғаған прокуратураға рахмет. Бұл өте қиын іс болды”, – дейді Дина Таңсәрі.



Дина Таңсәрі тергеушілердің іс бойынша белсенді түрде жұмыс жасағандарын алға тартты.

"Назгүл Рахметуллина жоғарғы сотқа келгелі бері істердің әділ және мұқият қаралып жатқанын айтқым келеді. Мұның барлығы Рахметуллина Назгүлдің орасан зор тәжірибесінің арқасы деп есептейміз. Ал бүгін, 2024 жылдың 21 маусымында сот үкімі жарияланғаннан кейін сотталушы сот залынан шығарылды. Бұл іс бойынша тергеуші Кеңесбек Зәуре мен прокурор Рамазанов Қанат көп жұмыс атқарып, 2,5 жылдан кейін әділдік салтанат құрды”, – деп жазды Дина Таңсәрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорған полициясының басшысы зорлады деген күдікпен ұсталған. Кейін ол екі айға қамауға алынды.

Талқылау