Қытайдың шығысында торнадо салдарынан 5 адам қаза тауып, 88 адам жарақаттанды (видео)
Қытайдың шығысындағы Хэцзе қаласында жойқын торнадо болып, бес адам қаза тапты. Сондай-ақ 88 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Синьхуа басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Статистика бойынша, торнадо салдарынан барлығы 2820 ғимарат пен 48 электр желісі зақымданған.
Қарқынды жөндеу жұмыстарынан кейін көлік қатынасы, байланыс, су және электр қуаты негізінен қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта жергілікті іздестіру-құтқару қызметінің жұмысшылары зардап шеккендерді эвакуациялау және қоныстандыру жұмыстарын жүргізіп, мамандар келтірілген шығынды кешенді бағалауға алды.
Қытайдың Ұлттық климаттық орталығының мәліметі бойынша, Шаньдун провинциясында жыл сайын орта есеппен 1,5 торнадо болады.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тағы үш штатта жойқын торнадо болып, үш адам қаза тапқаны туралы жазған едік.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған