Қытайдың оңтүстігінде "Талим" тайфуны соқты
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының жағалау аймағына "Талим" тайфуны соқты. Желдің жылдамдығы 140 км/сағ қамтыды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Синьхуа басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Күні кеше Гуандун провинциясында тайфун болып, 230 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Жағалауды дауыл толқындары басып, қатты жел мен жаңбыр жүздеген рейстер мен пойыздардың тоқтатылуына себеп болды.
Аймақтық метеорологиялық бюроның хабарлауынша, тайфун сейсенбі күні таңғы сағат 05:45-те Гуанси провинциясының Бэйхай қаласына келіп, жергілікті уақыт бойынша 09:00-де Цинчжоу қаласына жеткен.
Цинчжоу, Фанчэнгган және Чунцзуо қалаларында жаңбыр жауып, оңтүстік және орталық бөлігінде екпіні секундына 33 метрге дейін жетеді деп болжануда.
Үш баласы да АҚШ университетіне түскен қазақстандық әке бала тәрбиесіндегі 15 қағидасын атады
Әкесі: “Кәмпит, балмұздақ, тәтті жемейді, теледидар көрмейді, смартфонға да уақыт шектеулі”
"Соғысқа жіберуге 3 күн қалды": Ресейде жүрген қазақстандық жігіттер көмек сұрады
Олар 10-нан астам күннен бері қайта алмай отыр