Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай Шыңжаңдағы қазақтардың ауыр жағдайы жайлы мәлімдеме жасады

Қытайдың Қазақстандағы елшісі АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Шыңжаңдағы этникалық қазақтардың жағдайына қатысты сұрағына жауап берді. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасына жазды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо  Майк Помпео мәлімдемесіне қатысты жауабында:

"2020 жылдың 2 ақпанында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға сапары кезінде Қытайға қарсы қозғалыс өкілдерімен кездесіп, Нұр-Сұлтанда баспасөз мәслихатын өткізді.  Қытайды миллиондаған Шыңжаң ұйғырлары мен қазақ мұсылмандарының қамауда отырғанына Қытайды кінәлап, Қытай мен Ресей инвестициялары Қазақстанның егемендігін тұмшалап, елдің дамуына нұқсан келтіріп жатқанын алға тартты.


Қытай-қазақ қатынастарын бұзу үшін Помпео тіпті короновирусты мысал ретінде айтып өткен", - дейді ол.

Ол АҚШ мемлекеттік хатшысының мәлімдемесін Қытайға қарсы тағы бір «Помпео қойылымы» деп атады.

 

«Қытай миллион ұйғырды түрмеде ұстап отыр» деген факт бұрыннан белгілі, американдық «Сұр зона» тәуелсіз ақпараттық сайтының зерттеу нәтижелері бойынша, 1 миллион деген сан тек сегіз адамның сауалнамасына негізделген. Бұл өте күлкілі », - дейді Қытайдағы Қазақстан елшісі.

 

Ол соңғы 40 жыл ішінде Шыңжаңдағы ұйғырлар саны 5,5 миллионнан 11 миллионға дейін көбейгенін атап өтті, бұл Шыңжаң халқы санының 46,8% құрайды.

«Шыңжаңда 25000-нан астам мешіт бар, бұл АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германиядағымен салыстырғанда көп. Орта есеппен әр 500 мұсылманға бір мешіт бар. Шыңжаңдағы негізгі фактілерді ескермей, Қытайға жала жаба отырып, Помпео әлемге тек өзінің идеологиялық көзқарастары мен субъективті пікірін ғана жеткізді », - деді Чжан Сяо.

 

Қытайдың Қазақстанға инвестициялары жайлы

"Помпеоның Қытай мен Ресейдің Қазақстанға салған инвестициялары зиян деген пікірі шындыққа жанаспайтын ақпарат. Бұл геополитикалық ойын: аймақтағы өшпенділікті өршіту мен монополия орнату мақсатында айтылған сөздер. Бұл не деген арсыздық?!",-дейді дипломат.

 

Ол Қытайға салынған инвестициялар экономиканы және инфрақұрылымды индустрияландырудың қарқынды дамуына ықпал ететінін, сонымен қатар қазақстандықтар үшін жұмыс орындарының көбеюіне әкелетінін атап өтті.

 

"Коронавируспен күресте Қытайды көп ел қолдады"

«Помпеоның  коронавирус тақырыбын жала жабу мақсатында қолдануы - оның ең пасық әрекеті болды. Қытай қорқынышты індетке қарсы бар күш-жігерін салып күресіп жатыр. Осылай айту арқылы, адамгершілікке жатпайтын әрекетімен бар шекарадан шығып отыр»,-деді Қытайдың Қазақстандағы елшісі.

 

Ол бүгінде көптеген елдер эпидемиямен күресте Қытайға қолдау білдіріп жатқанын, ал Америка Құрама Штаттары Қытайға көмсек көрсетуге бірде-бір әрекет жасамағанын айтты. Сонымен бірге, АҚШ Қытайға сапарға шығу қауіпі деңгейін Ауғанстан мен Ирак деңгейіне дейін көтеріп, Пекиндегі елшілігіндегі қызметкерлер санын қысқартқан бірінші ел болды», - дейді Чжан Сяо.

 

Елшінің айтуынша, «бұның мақсаты - адамдар арасында дүрбелең мен сенімсіздік тудыру, бірақ мұның бәрі бекершілік».

Чжан Сяо Қытайдың бұл індетпен күресу үшін қаражаты да, ресурстары да жеткілікті екенін айтты.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы баспасөз отырысында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Шыңжаңдағы этникалық қазақтар мен ұйғырлардың ауыр жағдайы туралы сөз қозғаған болатын.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі болып Рүстем Дәулет тағайындалды

Жамбыл облысы Қордай ауданының жаңа әкімі белгілі болды

Көктегі ұшақтың құлауына жердегі үй иесі кінәлі ме? Bek Air соты басталды

Үй иесі: "Bek Air" 12 адамның өлімін менің мойныма артпақшы

Бұл қызметке мен аспаннан түскен жоқпын: Актер Нұрхан Кәдірбаев қалайша мемлекеттік қызметкер атанғаны жайлы сөз қозғады

Тележүргізуші: Теледидарға шығу менің бала арманым болған

Коронавирустен құлан таза айығып шыққан азамат ауруға қайта шалдықты

Ол бірнеше күн бұрын сырқатынан құтылып, үйіне жіберілген

Тұрғымбаев: Полицейлердің жалдамалы үйге кеткен ақысы өтеледі

Бұған дейін тек әскери қызметкерлерге ғана пәтер өтемақысы ұсынылған

Қордайда қарияны ұрған күдікті міндетті түрде сотқа тартылады - ІІМ

Министр аймақтағы жағдайдың тұрақталғанын жеткізіпті

"Әр қазақ - менің жалғызым": Анасы әкесінің қолынан қаза тапқан Аян Төлеуғазинге көпшілік көмегін аямады

Аянның 5 бауырын жинап, бір үйде өмір сүрсе деген арманы бар

Ақтөбе облысында қытайлық азаматтың 2,5 миллион теңгелік жалақысы жайлы ұйым басшылығы сөз қозғады

Сөздерінше, бұл жұмыскерлердің 12 айдағы жалақыларының қосындысы

ІІМ: Түркістан облысында қару ұрлаған әскердің басқаларына зияны тимеді

Оқиғаның мән-жайы әлі анықталмаған

Нұр-Сұлтан тұрғыны ерекше шаңғы тебу түрімен елордалықтарды таңқалдырды (видео)

Ол өзіне парашют жегіп, шаңғы тепкен
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр