Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қытайдағы этникалық қазақтардың ауыр жағдайы туралы сөз қозғады

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Шыңжаңдағы этникалық қазақтар мен ұйғырлардың ауыр жағдайы туралы пікірлесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

түрме

"Ұлттың рухы адам құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді. Біз Қазақстанға шекаралас орналасқан Шыңжаңдағы еркінен айырылғандарға арналған лагерьге қамалған және саудаға түскен мұсылман ұйғырлар мен этникалық қазақтардың ауыр тұрмысы жайлы мәселелерді талқыға салдық", - деді Майкл Помпео Нұр-Сұлтандағы баспасөз отырысында. 

Бұған қоса АҚШ хатшысы басқа елдерге Қытайдағы репрессияны тоқтатуға үлес қосуға шақырды. 

"Біз Қытайдан кеткілері келетін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың адами құндылықтарын сақтауға қол ұшын созуларыңызды сұраймыз", - деді ол. 

Майкл Помпео Қазақстанның терроризм мен экстремизге қарсы атқарып жатқан жұмыстарын жоғары бағалайтындығын атап өтіп, мемлекетіміздің Сирия мен Ирактан әйелдер мен балалардың елге оралу жұмыстарын жүзеге асырғандығы басқаларға үлгі боларлық дүние деп ескертті. 

Бұған дейін Тоқаев Қытайдағы этникалық қазақтардың жағдайы туралы айтқан еді. 

 


 

Талқылау