Қытайдағы жолаушылар ұшағының құлаған сәті видеоға түсіп қалған
Желіде Қытайдың оңтүстігінде Boeing 737 жолаушылар лайнерінің құлаған сәті түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме беріп.
видеодан скриншот
Кадрларда ұшаққа ұқсайтын нысанның жылдам төмен ұшып бара жатқаны көрінеді. Ұшақтың тігінен құлап бара жатқанын көруге болады.
21 наурызда Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында China Eastern Airlines әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 132 адам болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат әлі жарияланған жоқ.
Апаттан кейін басталған орман өрті сөндірілді.
Ұшақ апатынан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге және Қытай халқына көңіл айтты.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды
