Қытайдағы нөсер тасқын: жолаушылар метро вагондарында су астында қалды
Қытайдың Хэнань провинциясында біраз күннен бері жалғасып келе жатқан нөсер бірнеше қаланың нағыз табиғи апатына айналды. Көше мен үйлер, метро судың астында қалған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір магистральдар жабық, әуе рейстерінің уақыты шегеріліп немесе мүлдем кейінге қалдырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қытайлық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Кейінірек құтқарушылар метродан 500-ге жуық адамды құтқара алды. Метродағы оқиға салдарынан кем дегенде 12 адам қаза тауып, бес адам жарақат алған. Құтқару жұмыстары қазір де жалғасуда. Су астында қалған вагондарда қанша адам болғаны туралы әлі айтылған жоқ.
Қытайда 16 шілдеден бастап 100 мыңнан астам тұрғын қауіпті аймақтардан эвакуацияланды. Кейбір ақпараттарға сәйкес, сейсенбі күні таңертең Денгфенг қаласында болған алюминий қорытпасы зауытындағы жарылысқа су тасқыны себеп болған.
ТАСС-тың хабарлауынша, 20 шілдеде кешке су тасқыны Хэнань провинциясындағы бөгетті жарып өткен.
Аталған аймақта төтенше жағдайдың бірінші деңгейі енгізілді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?