Қытайда тұрғындар ит пен мысықтарды жұмысқа жіберіп ақша тауып жүр
Қытайлықтар үй жануарларын жұмысқа жіберіп табыс табуды үйреніп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Moneycontrol порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл елде қазір ит пен мысықтар өз тағамдарына өздері ақша табады. Олар арнайы "котокафе" мен "пескокафеге" жіберілетіні белгілі болды. Үй жануарлары кавелерге барып келушілер оларды тамашалауға келеді. Келушілер кафедегі жануарларды ұстап сүйсіне алады.
Жануарлардың иелері үшін бұл әдіс ақша үнемдеудің жақсы нұсқасы болып отыр. Өйткені үйде жалғыз қалған жануарларға қатты ыстық болғандықтан жазда желдеткіш қосуға тура келеді. Тиісінше, электр энергиясына төлемдер де өседі.
Қытайдағы мұндай кафелердің тенденциясы “Zhuan lingshi qian” деп аталды. Бұл "тіскебасар үшін ақша табу" дегенді білдіреді. Жануарлар жұмысқа толық немесе толық емес күнге шыға алады. Содан кейін түнде иелері сияқты үйлеріне оралады.
"101 раушан, көлік, телефон мен жеке мобилограф": Түлектердің бітіру кешінде алған қымбат сыйлықтары қазақстандықтардың талқысына түсті
Тұрғын: “Гүл беруден жарыс па?: Жұрттан қалмасын деп, қарыз алып та жатқан шығар”
Артында аяғы ауыр әйелі қалды: Алматыда жоғалып, денесі табылған 25 жастағы Ерзаттың туыстары күмәнді жайттарды айтты
Ерзаттың телефонындағы 19 мамыр күнгі қоңыраулардың бәрі кодталған