Қытайда коронавирусқа қарсы 2 вакцина адамдарға сәтті сынақтан өтті
Коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеумен айналысатын China National Biotec Group (CNBG) қытайлық компаниясы препаратты адамдарға сәтті сынағаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сыналған екі вакцина бірден оң нәтиже көрсеткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, CNBG-дің Бейжіңдегі бөлімшесінің препараты дені сау 1120 сынаққа қатысушыдан COVID-19 антиденелерін қауіпсіз өндіруге ықпал етті.
Сонымен бірге компанияның Ухань бөлімшесінің вакцинасын сәтті сынақтан өткізгені хабарланды.
CNBG компаниясы Біріккен Араб Әмірліктерінде препаратты сынаудың соңғы кезеңін өткізуге рұқсат алғанын мәлімдеді. Бірақ, компания нақты қай вакцина БАӘ-де сыналатынын нақтыламады.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ