Қытайда 25 баланы улаған балабақша тәрбиешісі өлім жазасына кесілді
Қытайда әріптесінен кек алу үшін балабақша тәрбиешісі балаларды улап, салдарынан бір бала көз жұмған. Маман істеген қылмысы үшін өлім жазасын кесілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Paper басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмысқа балабақшадағы әріптесімен жанжал себеп болған.
2019 жылдың наурыз айында Цзяозуо қаласындағы балабақшада жаппай тамақтан улану орын алды. Полицейлер мұғалім Ван Юнның мектеп жасына дейінгі балалардың ботқасына натрий нитритін қосқанын анықтады. Уланған балалардың бірі 10 ай емделгеннен кейін көз жұмды.
Ван Юн бірінші сатыдағы соттың үкімімен өлім жазасына кесілді. Кейіннен Қытай Халық Республикасының Жоғарғы халық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Ол 13 шілдеде өлім жазасына кесілді.
Жаппай уланудан кейін балабақша жабылды.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"