Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай коронивирус пандемиясы жайлы бұрын жарияламаған ақпаратты ұсынды

Өткен көктемде Қытайда Ухань вирусология институтының ғылыми базасы жойылды. Онда пандемияның басында Қытай мамандарының не істегенін анықтауға болар еді. Дегенмен қытайлық мамандар жасырын ақпаратты ДДСҰ-ға берген. Бұл туралы NBC News телеарнасының сюжетінде айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мәліметтер базасында 20 мың жазба болды. Ухань зертханасының аға қызметкері мұның "қауіпсіздік мақсатында" жасалғанын айтты.

Бұдан басқа Қытай билігі COVID-19 туралы шындықты айтуға тырысқан журналистер мен ақпарат берушілерді тұтқындаған еді. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Уханьдағы сарапшылары осы фактілерге байланысты арнайы тергеу жұргізді, ешқандай нұсқа жоққа шығарылмайтынын мәлімдеді.

ДДСҰ сарапшылар тобының бір мүшесі Питер Дацак қытайлар бұрын жарияланбаған мәліметтерді ұсынағанын мәлімдеді.

"Бұл шын мәнінде нақты саяси астары бар және кінәліні табуға тырысатын ғылыми сапар. Бірақ ғылым мұнда әлі де басты рөл атқарады, ал мәліметтер өтірік емес", - деді ДДСҰ сарапшысы.

Сонымен қатар қытайлық танымал вирусологтар қазірдің өзінде вирустың Қытайда пайда болмағанын айтады.

ДДСҰ-ның Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райан да  бұл вирустың қай жерде пайда болғанын - Қытайда немесе одан тыс жерлерде - айтуға әлі ерте екенін хабарлады.

 

Талқылау