Қытай коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізуді бастады
Қытай билігі COVID-19 індетіне қарсы активтелген вакцинаны клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Вакцинаны тиісті сынақтардан өткізуге лицензияны Ухань биологиялық препараттарды зерттеу институты мен Бейжіңдегі Sinovac R&D ғылыми-зерттеу компаниясы берді. Бұл - клиникалық сынақтардан өтіп жатқан елдегі екінші және әлемдегі үшінші вакцина болмақ.
Бұған дейін жаңа типтегі коронавирусқа қарсы рекомбинатты аденовирустық вектор негізіндегі вакцинаны клиникалық зерттеу үшін тиісті рұқсатты ҚХР әскери-медициналық академиясы алған.
Айта кетейік, құрлықтық Қытайда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың жаңадан 89 жағдайы анықталды, өлім саны тіркелмеген.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ