AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай алғаш рет Украинадағы соғысты айыптап, оны тоқтатуға шақырды

Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин жұма күні Джо Байденмен келіссөздерден кейін Бейжің мен Вашингтон халықаралық қауіпсіздікті сақтауға бірлесіп жауапты болуы керек деді. Ол алғаш рет Украинадағы әскери қақтығысты тікелей айыптады, бірақ мұны жұмсақ тілмен жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қытай мемлекеттік телеарнасының хабарлады.

"Мемлекетаралық қарым-қатынастар әскери қақтығыс деңгейіне дейін төмендеп кетпеуі керек", – деді Си Цзиньпин.

Бейбітшілік пен қауіпсіздік – халықаралық қауымдастықтың ең құнды қазынасы. Украина дағдарысы "Қытай көргісі келетін нәрсе емес", – деп қосты ол.

Бейжің бұған дейін Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын біржақты айыптамаған және жалпы бейтарап позиция ұстанған. Қытай БҰҰ Бас Ассамблеясының басып алуды айыптайтын қарарын қолдамады, бірақ қарсы да болмады: Бейжің өкілі дауыс беруден қалыс қалды.

"Қазір негізгі басымдықтар диалог пен келіссөздерді жалғастыру, бейбіт тұрғындардың қазасына жол бермеу, гуманитарлық дағдарыстың алдын алу, соғыс қимылдарын тоқтату және соғысты тезірек аяқтау", – деді Қытай басшысы Байденмен келіссөздерден кейін.

Кейін Ақ үй әңгіменің өз нұсқасын ұсынды. Президент Байден, оның өкілдерінің айтуынша, Ресейге материалдық көмек көрсетілген жағдайда оның салдары болатынын Бейжіңге ескерткен.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр