Кішкентай бала жарақат алды: Астанада экскалатор құлап, адамдар зардап шекті
Астанадағы "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталығында эскалатор құлап, адамдар зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдай кезінде эскалаторда жиырмаға жуық адам болған, зардап шеккендер бар.
"Астана қаласы, Есіл ауданы, "Сарыарқа" сауда үйі. Алдын ала мәлімет бойынша, эскалатор 3-ші қабаттан 2-ші қабатқа құлаған. Құлаған кезде эскалаторда 20-ға жуық адам болған.
Апат нәтижесінде екі ересек адам мен бір бала жеңіл жарақат алған. Оларды 103 қызметі тексеріп жатыр", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Ресми мәліметке сәйкес, дәрігерлердің қарауынан кейін тұрғындар үйлеріне жіберілді.
"Алты рет тапсырдым": Алматылық студент IELTS-тан ең жоғары 9.0 баллды қалай алғанын айтып берді
Ол тестті алғаш рет университетке түсу үшін тапсырып, 7.0 балл алған
Төрт баласымен Ұлыбританияда докторантурада оқып жүрген қазақ отбасы шетелдегі өмірі жайлы айтты
Ол "Болашақ" бағдарламасының екі мәрте стипендиаты болғанын мақтан тұтады