Кірпік жалғау соқырлыққа әкеледі – офтальмолог
Офтальмолог және медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Агеев кірпікті ұзартып, жалғау көздің денсаулығына теріс әсер ететінін, тіпті кейбір жағдайларда көру қабілетінің толық жоғалуына әкелетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі gazeta.ru порталына сілтеме жасап.
Офтальмолог кірпіктерді ұзарту қабақтың терісін жарақаттап, қабыну процестерінің пайда болуын тудыратынын жеткізді.
"Әсіресе кірпікті бекітуге арналған желім көзге ерекше қауіп төндіреді. Ол көздің қуысына түскенде кератит қасаң қабықтың көз алмасының мөлдір сыртқы бөлігі тітіркенуі мен қабынуын тудырады. Бұл бұлыңғырлықпен жүруге, көрудің төмендеуіне, кейбір жағдайларда тіпті көру қабілетінің толық жоғалуына әкеліп соғады. Егер кератит белгілері мазаласа, мүмкіндігінше тезірек офтальмологтың көмегіне жүгіну керек", - деп ескертті дәрігер.
Сарапшы сонымен қатар, кірпік жалғау материалы қабақтың кірпікше жиегін зақымдауы мүмкін екенін атап өтті. Нәтижесінде көз алмасын жабатын жасты қабықшаны құрайтын ұсақ бездердің қызметі бұзылады. Осыған байланысты көз алмасының қабығын ылғалдандыратын көз жасы сұйықтығының мөлшері азаяды. Шырышты қабық үнемі кеуіп, соңында құрғақ көз синдромына әкеліп соғады.