Қыркүйекте 27-ге келеді: Қазақстандықтар депутат Мәди Ахметовті әскерге шақыртуды талап етіп, петиция жариялады
Қазақстандықтар Қорғаныс министрінен ең жас Мәжіліс депутаты Мәди Ахметовті әскерге шақыртуды талап етіп, петиция жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Петицияда Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабы негіз етіп алынған, яғни заңда белгіленген тәртіпке сәйкес республика азаматтары әскери борыштарын өтеуге міндетті.
"Парламент мәжілісінің депутаты Ахметов Мәди Абылайұлы 1995 жылдың 18 қыркүйегінде дүниеге келген. Жасы 26-да, әскерге шақырту жасы 18-ден 27 жасқа дейін. Бүгінгі таңда Мәди Ахметов Отан алдындағы борышын өтемеген, әскерде қызмет етпеген. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтан азамат Ахметов Мәди Абылайұлын Конституциядағы 36-бап пен "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңның 25-бабына сәйкес әскерге шақыруды талап етеміз", – делінген петицияда.
Талқылау

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
Жетіген тұрғындары қала мәртебесіне үмітпен қарағанымен, шешімін күткен түйткілдер әлі де аз емес

"Салқын суға салсаң, бояуы шығады": Отандық шоу-бизнес жұлдыздарының шайы халықтың көңілінен шықпай қалды
Экономист: "Шай плантациясы жоқ елде толыққанды өндіріс болмайды"