Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кірістер комитеті қайда қарап отыр": Желі қолданушылары Ерке Есмаханның құны 12 миллион теңге тұратын сөмкесін талқылады

Танымал әнші Ерке Есмахан құны 12 миллион теңге тұратын сөмкесін Парижге ұстап барғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Өнер иесі Париж Олимпиадасында бақ сынап жатқан спортшы ұл-қыздарымызға сәттілік тіледі.

“Францияның әсері әлі тарқамады. Дәл қазір Париж Олимпиадада біздің спортшылар еліміздің атын шығарып жатыр. Алғашқы алтынымыз бар. Сәттілік тілеймін! Париж биігінде Қазақстан туы желбірей берсін!”, – деп жазды әнші. 



Сонымен қатар өнер иесі Эйфель мұнарасы жанынан түрлі фото жүктеп, оқырмандарын қызықтырып қойды. Алайда желі қолданушылары әншінің өзі бағасын жасырмаған қымбат сөмкесін талқылады. 

“Сөмкенің өзі Париж болып тұр”, “Әншілердің ішіндегі ең көп сөмкесі бар әнші”, “Мына сөмкесінің құны 12 миллион теңге еді. Салық төленген бе екен?”, “Дұрыс айтасыз, кірістер комитеті қайда қарап отыр?”, “Негізі, қарапайым адамдардың қаржы аудармаларын қарайды. Мына сөмкесі оригинал болса, оның ақшасы мен салығының төленгенін немесе төленбегенін анықтау керек”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, Ерке Есмахан өзіне арнап тігілген қымбат сөмкенің құны 12 миллион теңге екенін жасырмаған еді. 

Талқылау