Қырғызстанның ІІМ: Моншада зорланған баланың оқиғасы біздің елде болған жоқ
Ер адамның кәмелетке толмаған баланы зорлаған видеосы жарияланғаннан кейін Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Ресейдегі ішкі істер басқармасына ресми сауал жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл қадам оқиғаның жай-жапсарын нақтылау үшін жасалған.
"Оқиға Қырғызстанда болған жоқ деп айтуға толық негіз бар, видео бір-екі жыл бұрын түсірілген. Қырғыз Республикасының ішкі істер министрлігі оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін Ресейге ресми сауал жолдады", - деп түсіндірді ішкі істер органдарында.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды асығыс қорытынды жасамауға және тергеу нәтижесін күтуге де шақырады.
Бұған дейін желіде белгісіз жігіттің жас баланы зорлап жатқан видеосы пайда болды. Оқиға қоғамдық моншада болды: зорлаушы жасөспірімді күштеп ұстап, қорқытып жатты.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”