Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда алып қашудың құрбаны болған қыздың өлімі: Тағы бір күдікті ұсталды

Бішкек қаласының тұрғыны 27 жастағы Айзада Қанатбекованы алып қашу ісі бойынша тағы бір күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бішкек ішкі істер бас басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті З. Р. 1989 жылы туған.

Қазіргі уақытта ол Бішкек полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Бішкек қаласының ІІББ криминалдық милициясының жедел қызметкерлері жүргізген тергеу іс-әрекеттері мен іздестіру іс-шаралары барысында елорда аумағында 1994 жылы туған азаматша К.А. алып қашуға қатысқандардың тағы бірінің орналасқан жерін анықтады. Жедел ақпаратты іске асыру кезінде 1989 жылы туылған күдікті З. Р. ұсталып, тергеу қызметіне жеткізілді, сол жерде Қырғызстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 98-бабы тәртібінде Бішкек қаласының ІІББ УҰИ-ға қамауға алынды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қалған күдіктілердің орналасқан жерін анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.

Сонымен бірге, қызды алып қашты және өлтірді деген күдікке ілінген Т.З. бұрын Ресейде бірнеше рет сотталғаны белгілі болды.

2008 жылғы 20 наурызда Омбы қаласының Киров аудандық соты РФ Қылмыстық кодексінің 158-бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша 3 ай бас бостандығынан айырылды.

2009 жылғы 26 қарашада Красноярск қаласының темір жол аудандық соты оны "тонау" бабы бойынша 2 жыл бас бостандығынан айырды. 2011 жылғы 10 маусымда босатылды.

2012 жылғы 10 шілдеде азамат Т.З "қарақшылық", "бопсалау", "қылмыстар жиынтығы бойынша жаза тағайындау" бабы бойынша 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

2017 жылғы 29 маусымда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, Қырғызстанға жер аударылды.

2020 жылдың 30 шілдесінен бастап күдіктіге  Ресей Федерациясының аумағына кіруге тыйым салынды", - делінген ведомство хабарламасында.

Ер адамның Айзадаға үйленгісі келгені белгілі. Олар бір-бірін 4 айдан бері білетін.

Осы жағдайға қатысты Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы (адамды некеге тұру мақсатында алып қашу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, Айзада Қанатбекованы 5 сәуірде сағат 7:00-де Бішкекте алып қашқан. Бұл сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видеода бір ер адамның қызға жақындағаны және оны күшпен машинаға апарғаны көрінеді. Кейінірек тағы екі ер адам қызға жақындап, оны қызыл түсті машинаға мәжбүрлеп отырғызған. Бұл көлікке екі адам отырады, үшіншісі таксиге отырады.

Кейіннен қыз бен оның алып қашқан жігіттің мәйіті бар көлік табылды. Полицияның алдын-ала мәліметтері бойынша, ер адам жанжал кезінде қызды қылқындырып, содан кейін өзіне пышақ жарақатын салып, өлген.

Талқылау