Қырғызстан мен Тәжікстан шекара дауын шешті
Қырғызстан мен Тәжікстанның президенттері екі ел арасында шекара дауын шешті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қырғызстан президенті әкімшілігі
Екі ел басшылары Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмон мемлекеттік шекара туралы келісімге қол қойды. Қос тарап даулы аумақтарға қатысты мәселеде ортақ пікірге келген.
"Кайрагач" пен "Кызыл-Бел" бақылау-өткізу пункттері жұмысын қайта бастады. Негізінен екі ел арасында осындай 5 пункт бар. Қырғыз-тәжік шекарасы 1006,84 шақырымға созылып жатыр.
Қырғызстан көршілес елмен арадағы шекараны 2021 жылдың мамырында жауып тастады. Тиісті шешім екі мемлекет арасындағы қарулы қақтығыстан кейін қабылданған еді.
Бұған дейін Қырғызстан мен Тәжікстан шекара мәселесін шешіп, тарихи келісімге келгені айтылды.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"