Қырғызстан коронавирусқа қатысты шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салды
Қырғызстан билігі уақытша шетел азаматтарын елге кіргізбеу туралы шешім шығарды. Бұл жағдай коронавирус пандемиясының әлемде жаппай таралуына байланысты жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қырғызстанның вице-премьері Алтынай Өмірбекова мәлімдепті.
"Біз шетелдіктердің елге кіруіне уақытша шектеу қоямыз. Бұл барлық мемлекеттердің азаматтарына қатысты. Десек те жүк тасымалына бұл шектеулер қолданылмайды", - депті вице-премьер.
Сондай-ақ ол Қырғызстандағы шетел азаматтары және сырт мемлекеттерде жүрген қырғызстандықтар өз отандарына кедергісіз қайта алатындығын қосты.
Еске салайық, қазір Қырғызстанда коронавирус әлі тіркелмепті. Алайда 500-ден астам адам дәрігерлер бақылауында көрінеді.
Атап өтерлік жайт, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 27-ге жетіп отыр.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”