Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыран Талапбектің екінші әйелі бір-бірімен қалай танысқаны туралы ашық айтты

Танымал мобилограф Қыран Талапбектің екінші әйелі Гүлзада Тұрлаш әлеуметтік желіде күйеуімен қалай танысқанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жас жұбайлар екі жылын таныстыққа арнаған. Достықтан басталған қарым-қатынас махаббатқа ұласып, күні кеше екі жас шаңырақ көтерді.

“Біз кездейсоқ кездесіп қалдық, бірақ ұзақ уақыт бойы жақсы достар ретінде араластық. Қыран мені анаммен мейманханада тамақтанып отырған жерімнен көріп қалыпты. Мейманхадағы программа арқылы менің нөмірімді тауып алған. Одан бұл әрекетінің себебін және не көздегенін сұрағанымда, менің сырт-келбетімді ұнатып қалғанын, түсірілімге шақырғысы келетінін айтты. Сөйтіп екеуіміз сөйлесіп жүргенде, ол мені Toyota-ның түсіріліміне шақырды. Мен қарсылық білдірмедім, бірақ біз сол күйі кездесе алмадық”, – дейді Гүлзада Тұрлаш.

Жас актриса Қыранмен бас қосуын тағдыр деп түсінеді.

“Бір кездері мүлдем сөйлеспей кеттік. Бірақ қалада бір-бірімізді жиі кездейсоқ жолығып қалатынбыз. Мен ешқашан ешкіммен Қыран сияқты жиі көріспейтімін. Бір-бірімізді аптасына бірнеше рет әр жерде көріп қаламыз. Бірде ол маған жазып, мені түсірілімге шақырды. Ол түсірілімге менің ешқандай қатысым болмағанын кейін білдім. Қыран менімен сөйлескісі келген екен. Бірақ мен шыққан жоқпын. Сөйтіп ол мені “Apple” өнімінің түсіріліміне шақырды. Біз әр түрлі тақырыпта сөйлесетінбіз, бір-бірімізден жалыққан емеспіз. Бірақ ол үшінші кездесуде маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Мен абдырап қалдым”, – деп естеліктерімен бөлісті жас актриса.

Бұған дейін Қыран Талапбек пен Гүлзада Тұрлаштың шаңырақ көтергені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау