AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кінәні мойындату үшін кісі өлтіргендермен бір камераға отырғызды": Бұрынғы вице-министр изоляторда қысым көргенін мәлімдеді

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев уақытша ұстау изоляторында Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері қысым көрсеткенін мәлімдеді. Сөзінше, кінәні мойындату үшін оны кісі өлтіргендердің камерасына отырғызып, есірткі салып жібермек болған және 12 жылға қамалатынын айтып қорқытқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

Олжас

"Кенес А.К. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлеріне уақытша ұстау изоляторы қабырғасында жағымсыз жағдай жасау туралы бұйрық берді. Менің төсек-орныма есірткі мен сим-карта салып жібермек болды. Әр апта камерадан камераға ауыстырды, кісі өлтіргендер, нашақорлар мен өзге де ауыр қылмыс жасағандармен бірге отырғызды.Осы арқылы кінәні мойындамасам, жағдайы одан әрі қиындайтынын айтқысы келді. Мұның барлығы менің арызымда бар, алайда прокурор арыздарымды жауапсыз қалдырды. Ал қаржылық мониторинг агенттігі егқандай заң бұзушылық жоқ деп жауап берді", – дейді бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев. 



Судья қорғанушы тараптың азаптау дерегі бойынша қосымша тексеріс туралы шағымын бекіткен. Еске салайық, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішев лауазымын асыра пайдаланды деп айыпталған. Сот процесі бірнеше айға созылды. 

Біртанов сот процесін аудио және бейне жазбаға тіркеуге рұқсат бермегені үшін судья Ибрагим Әлкеновті жауапқа тартқызбақшы. Тиісті арызды Жоғарғы сот кеңесіне жіберген. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр