Қымбат әшекейлерін сатуға шыққан: Түркістан облысында әйел із-түзсіз жоғалып кетті
Түркістан облысындағы жоғалған әйелге қатысты жаңа деректер пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жоғалған Г.Нарджигитованың туыстарынан сұрау барысында оның құны 1 млн теңгеден асатын алтын бұйымдарды сатуға шыққаны анықталды.
Содан әйелдің 1 тәуліктен астам хабар-ошарсыз жоғалғаны күмән туғызды. Сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-тергеу тобы құрылды.
Жоғалған әйелді іздеу шараларына облыс полицейлері жұмылдырылды.
Оның ішінде Мақтаарал АПБ-ның барша жеке құрамы, көрші полиция бөлімдерінің қызметкерлері мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жеке құрамы бар.
"Егер сізде жоғалған Гүлсім Нарджигитова туралы қандай да бір ақпарат болса, Мақтаарал АПБ-ға 8-725-41-21-2-02, 8-747-541-62-56 немесе 102 телефондарына хабар беруіңізді сұраймыз. Бұл факті Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында" дейді полиция.
"Тексермесе, төлемей отыра береді": Алматы тұрғындары жолақысын төлемейтін жолаушылар көбейгеніне шағымданды
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді