Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кім көрінген басқарып жүр": Депутат спорт федерацияларының басшыларын сынға алды

Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов елдегі спорт федерацияларының басшыларын сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеранасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: parlam.kz

Депутат Қазақстандағы кәсіби спорттың кенжелеуіне салаға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын басшылардың араласуы себеп болды деп есептейді.

“Соңғы он жылда қазақ спортының тұтқасын кім көрінген ұстап жүр, Азиада ойындарындағы төмен нәтиже соның салдары. Бұл бұрынғы ойындарға қарағанда өте төмен көрсеткіш. Алдыңғы ойындарда ұлттық құраманың қоржынында кемінде 15 алтын болды. Ешқашан үздік ондықтан төмен түскен емеспіз. Әрдайым 45-орын иемденіп келдік. Осы жолы өзбек бауырларымыздың жетістігіне қызыға қарадық. Біз, тіпті, Солтүстік Корея, Таиланд, Бахреин сияқты шағын елдерден артта қалып қойдық”, – дейді депутат Данияр Қасқарауов.

Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған Қасқарауов мәселені шешудің бірнеше жолын ұсынды. Мәжілісменнің пікірінше, ең әуелі спорт министрлігін осы саланың білікті маманы басқаруы тиіс. Одан кейін депутат, министрлік пен ұлттық олимпиада комитеті, федерациялар арасында байланыс нығаюы қажет, осы үштіктің жұмысы біте қайнасып жұмыс істегенде ғана оң нәтижеге жетеміз деген пікірін білдірді.

Талқылау