Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ким Чен Ын жақсы көшбасшы болмағаны үшін солтүстік кореялықтардан кешірім сұрады

КХДР жетекшісі Ким Чен Ын Кореяның Жұмысшы партиясының құрылғанына 75 жыл толуына орай өткен парад кезінде «жақсы көшбасшы» болмағаны үшін азаматтардан кешірім сұрады. Ол азаматтардың сенімін өз өмірін құрбан ете отыра қорғауға уәде берді.

Ким Чен Ын

КХДР сенбі күні кешке Кореяның Жұмысшы партиясының 75 жылдығына арналған парадты көрсете бастады. Солтүстік Кореяның Орталық Телеграф Агенттігінің (CTAC) хабарлауынша, шеру 10 қазан түн ортасында Пхеньяндағы Ким Ир Сен алаңында өтті.

«Жолдастар, мен әрқашан азаматтарымыздың көк пен теңіздей кең сеніміне ие болдым, бірақ мен оған ешқашан дұрыс жауап бере алмадым. Мен ақтала алмаймын. Мен Ұлы Көшбасшы Ким Ир Сен мен Ұлы Қолбасшы Ким Чен Ирдің ұлы жұмысын қолға алғаныма және елді басқарудың ауыр жауапкершілігін мойныма алғаныма қарамастан, маған әлі де күш пен шынайылық жетіспейді, сондықтан біздің азаматтар әлі күнге дейін өздерін күнделікті өмірдің қиыншылықтарынан босата алмай жүр», - деген Ким Чен Ын халықтың сенімі ол үшін абырой екенін айтты.

Біздің партияның 75 жылдық тарихына көз жүгіртетін осы сәтте сіздерге не айтсам деп көп ойладым, бірақ мен сіздерге алғыстан басқа ешнәрсе айта алмаймын. Менің денемді кесіп тастаса да, мен азаматтардың сенімін ақтау жолында өз өмірімді қиюға дайынмын», - деп мәлімдеді Ким Чен Ын.

Сондай-ақ КХДР жетекшісі Солтүстік Кореяның тайфуннан зардап шеккен аудандарын қалпына келтіру жұмыстары барысында, сондай-ақ коронавирустың КХДР-ға енуіне қарсы күресте «көптеген қиындықтарды» жеңуге мәжбүр болған Солтүстік Корея армиясының сарбаздарынан кешірім сұрады.

«Осындай салтанатты түнде мен олармен (әскери. - ред.) бірге бола алмағаным үшін қатты өкінемін», - деп қосты Ким Чен Ын.

Талқылау