Нұр-Сұлтанда қылмыстық топ жалған шот-фактура жасап, мемлекетке жарты миллиард теңге зиян келтірген
Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті 2020-2021 жылдар аралығында көлеңкелі экономика саласында ауыр қылмыс жасаған бір топ адамды әшкереледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Азамат Хан В.В. басқарған қылмыстық топ өз клиенттерін бюджетке салық төлеуден босату мақсатында бақылаудағы 7 заңды тұлғаның контрагенттеріне жалған шот-фактура жазып берген. Олар өз әрекетімен мемлекетке 490 миллион теңгеден астам сомаға аса ірі көлемде зиян келтірген.
Сот басты айыпталушы Хан Виталий Васильевичті 4 жылға бас бостандығынан айыруға, ал заңсыз ақша жинаумен айналысқан екі адамды шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Үш айыпталушыға да ұзақ мерзімге коммерциялық ұйымда басшылық қызмет, оның ішінде шот-фактура беруге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.
Төленбеген салық камералдық бақылау және салықтық тексеру аясында бүкіл контрагенттерден өндіріп алынады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"