Кілең джип: Тегін шөпті әкетуге келген "байлар" Маңғыстау тұрғындарының ашуына тиді
Маңғыстауда тегін шөпті әкетуге келген бір топ адамның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Роликтен ауылдықтар елдің басқа өңірлерінен жеткізілген шөпті әкетіп жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сіллтеме жасап.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарының қылығы видео авторының ашуын тудырды.
"Мына халықты қара. Отбасында алты адам болса, соның бәрі алып жатыр. Бала-шағасымен осында жүр. Кілең джиптер, кілең байлар келген. Адамнан көлік көп. Не деген сұмдық!" – дейді автор.
Еске сала кетейік, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында құрғақшылық салдарынан жем-шөп тапшылығы туындады. Ресми мәлімет бойынша, екі өңірде екі мың мал аштықтан өлген. Ауыл шаруашылығы министрі Маңғыстауда жылқының жаппай қырылуына әкімдіктердің шалағай жұмысы себеп болғанын айтты.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі