Кикбоксшы Түркияда зардап шеккендерге көмектесу үшін "алтын қолғабын" аукционға шығарды
Кәсіби кикбоксшы Мұхаммед Дурсун 2022 жылы Босния мен Герцеговинада өткен халықаралық кикбоксинг чемпионатында жеңіске жеткен "алтын қолғапты" аукционға шығарды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Анадолу" басылымына сілтеме жасап.

Iron Man ("Темір адам") деп аталатын спортшы Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесу үшін қажетті нәрселердің тізімін жариялайтынын айтты.
"Өз арманымды орындап, чемпион болдым. Аукционға алтын қолғапты қойып, қаражатты зардап шеккен бауырларға беремін", – деді спортшы.
Боксшы апат салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, жараланғандардың сауығып кетуін тіледі. Дурсун табиғи апаттан зардап шеккендерге 50 мың лира аударғанын атап өтті.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”

