Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұржан Қалжан: Кезінде Қыдырәлі Болмановқа біреу оқ атса, алдына тұруға дайын болдым

«Бұлбұл құсым» әнімен танымал болған Нұржан Қалжан көп жыл үзілістен кейін Қыдырәлі Болмановпен арада болған кикілжің туралы сөз қозғады. Айтуынша, қарым-қатынасқа сызат түсуіне өзі кінәлі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Нұржан Қалжан

«Ол кезде Республика Сарайында тұрып ән салу деген арман болатын. Марқұм әкем, анам, әпкем, қарындастарым – бүкілі бір машинамен келген екен. Содан концертке шықтық. «Өкінбе сен» әнін халық керемет қабылдап, басымды иіп сахнада шығып бара жатсам, арт жағымда Қыдырәлі аға тұр екен. «Бауырым, бері келші» деп мені шақырып, кабинетіне кіргізіп алды. Ол кезде мәдениет басқармасының бастығы еді. Содан «Кімсің? Не қылған жансың? Қайдан келген жансың?» деп бастады. Түркістанның тумасы екенімді айттым», - деді әнші. 

Әрі қарай өнер иесі Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның өзіне туған ата-анасындай қамқор болғанын айтты. Тұңғышындай қамқор болып, продюсері болуға өтініш білдірген екен. 

"Олар не кеңес айтады" Досхан Жолжақсынов әкімнің кеңесшісі болған Мейрамбек Бесбаев пен Қыдырәлі Болмановты сынады 

«Екі жыл сол үйде қондым. Қыдырәлі мен Қарақат әпкеміздің үлкен баласы болдым. Одан кейін бәрі жақсы болды. Қыдырәлі ағамды өзімнің ағамдай жақсы көрдім. Қыдыр ағаға біреу оқ атайын деп жатса, алдына тұруға дайын болдым кезінде. Ол кісіні қорғап қалу үшін. Бір шетінен балалық пен шалалық болар деп ойлаймын. Өздігімнен бөлек кетіп қалдым. Қатты ренжіді. Кішкене ұрыс та, арада кішкене ренжістер де болды. Сонда да балалық қой. Тыңдамай кетіп қалдым», - деді Нұржан Қалжан. 

Естеріңізге сала кетсек, Нұржан Қалжан тамағындағы темірді алдыруға қорқып жүргенін айтқан болатын. 

Талқылау