Қыдырәлі мен Қарақаттың ұл-қыздары анасының туған күніне ән арнады
Қарақат Әбілдина 44 жаста. Әнші меншікті мерекесіне орай ет жақындарының басын қосып, дүркіретіп той жасады. Дүбірлі тойда өнер иесінің ұл-қыздары ән айтып, өнер көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тойды Болмановтар жанұясының жақын досы, белгілі актер Тұрсынбек Қабатов басқарды. Той кезінде Қыдырәлі мен Қарақаттың тұңғыш ұлы Бекболат анасына арнап ән шырқады. Сондай-ақ, ұлдардың кенжесі Айсұлтан Болман мен 5 жасар Аяла Қыдырәлі көпшіліктің алдында өнерлерін паш етті.
Дүбірлі тойда танымал қазақ жұлдыздарынан бөлек, "Қарақат" мектеп студиясының шәкірттері мен түлектері қонақтар қатарынан табылды.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі