"Кез келген адамды жұмысқа ала беруге болмайды": Мемлекет басшысы мұғалімдерді біліктілікке даярлауға шақырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент сессиясында елімізде мұғалім тапшылығын жою үшін кез келген адамды жұмысқа ала беруге болмайтынын алға тартты. Президент алдағы уақытта білім саласына өзгеріс әкелетін білікті маман даярлауға назар аудару керек екенін тапсырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға баса мән беріп, салаға нағыз кәсіби мамандарды тарту қажет екенін атты.
"Мұғалім тапшылығын желеу етіп, мектепке кез келген адамды жұмысқа ала беруге болмайды. Мұндай әрекет ұстаздардың біліктілік деңгейін күрт төмендетеді. Сол себепті, мұғалім даярлау ісін жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Бұл – өскелең ұрпақтың болашағына байланысты өте маңызды міндет”,- деді Тоқаев.
Президент осыған байланысты тиісті бағдарлама қабылданатынын алға тартты.
“Бізде президенттік жастар кадр резерві бар. Дәл сол сияқты білім саласына өзгеріс әкелетін 1 мың маман арнайы дайындықтан өтетін болады. Кадр мәселесі жоғары білім беру жүйесі үшін де өте өзекті",- деді Тоқаев.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
"Азық-түлік екі есе арзан, вирус жоқ": Қазақстандық жігіт отбасын алып табысы төмен Африка аралына көшіп кеткен
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”