Мәдина Сәдуақасованың сіңлісі: Кейде Мәдинаның орнына елге автограф беріп, суретке түсе берем
Мәдина Сәдуақасованың сіңлісі Жәния Сәдуақасова өзін әпкесімен шатастыратындардың көп екенін айтады. Сіңлісі Жәния Сәдуақасова өзін әнші ретінде көрмейді. Алайда көпшілікке әпкесінің орнынан қолтаңба беретін кездері болған.
Бұл туралы Евразия арнасы хабарлайды.
Жәния Сәдуақасова бір кездері әпкесі Мәдина ханыммен бірге ән айтып, сахнаға шыққан еді. Жақсы ән айтса да, өзін әнші ретінде елестете алмайды. Себебі өзінің басқа маман екенін айтады.
"Алматы моя первая любовь" деген концертте әпкеммен бірге өнер көрсеттім. ол кезде сценарий бойынша екеуміз егіздің рөлін сомдадық. Мен сонда алғаш рет және соңғы рет ән айттым. Қатты толқыдым, қобалжыдым, ұялдым, сондықтан ән айту менің өнерім емес екенін түсіндім. Бірақ мені бәрі Мәдинасыз ба деп жатады. Қолтаңба сұрап, суретке түсуімді сұрайды. Ондайда бас тартпай өзімді Мәдина деп таныстырып, суретке түсемін. Қолтаңба қойып беремін", - деді ол.
Мәдина ханым сіңлісінің музыкаға жақын екенін алға тартты.
"Ол жақсы әндер тыңдайды. Оның талғамы жақсы. Музыкаға икемі бар. Даусы да бар, бірақ әнші болғысы келмеді", - деді ол.
Жәния Сәдуақасова банк қызметкері. Өзінің өнер жолына мүлде қатысы жоқ екенін баса айтты.
Мәдина Сәдуақасованың әкесі: Қызым өмірге келгенде жаялығын өзім ауыстырып, өзім бақтым