"Кеудемнен бір ұрғандай болды". Әнші Бақыт Шадаева әріптесі Сейфуллин Жолбарысқа не үшін ренжіп жүргенін айтты
Әнші Бақыт Шадаева "Жұлдызды шаңырақ" бағдарламасында әріптесі Сейфуллин Жолбарыспен арасындағы реніші туралы сөз қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, әндерін рұқсатсыз алған.
"Ер азамат кішкене аузын жауып жүрсе болады ғой. Біз кішкене қызбыз кейде артық айтып қойып жатамыз. Бар шындық менде. Кейде ызаланып кетесің, артық сөз айтып қоясың. Өнерде жүрген әріптес талантты жігіт. Өкпелеген себебім, барлық әндерімді менің рұқсатымсыз басқаларға таратып берді. Оның алдында не жағдаймен келгенін білесіздер. Бұл мен үшін кеудемнен бір ұрғандай болды. Дегенмен, берген әнінің бір әні де шыққан жоқ", - деді ол.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі