КешYou-дің экс-әншісі топтың қазіргі құрамын сынап тастады
КешYou тобының бұрынғы әншісі Әнел Әрінова қазіргі топтың әндерін тыңдамайтынын айтты. Ол өнер әлеміндегі ұстаздары Баян және Бағым Мақсатқызының жұмысына құрметпен қарайтынын, олардың ісін ұнататынын, алайда топ мүшелеріне көңілі толмайтынын меңзеді.

Бұл туралы Әрінова “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтты.
“Біз ән айтқан кезде ол мүлдем басқа заман, басқа КешYou еді, ол мүлдем басқа музыка және біз өзгеше болдық. Қазір КешYou-дің құрамы жиі жауысады. Маған бұл топ ұнайды немесе ұнамайды деп айта алмаймын. Маған ұстаздарымның істеп жүрген жұмысы ұнайды. Ал бірақ қазіргі КешYou-дің тыңдарманымын ба деп сұрасаңыз? Жоқ, мен олардың әнімен мүлдем ауырмаймын”, – деді Әнел Әрінова.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"