КешYou-дің экс-әншісі некесінің сәтсіз аяқталғанын хабарлады
КешYou тобының экс-әншісі Элизат Берікова некесінің сәтсіз болғанын хабарлады. Ол күйеуімен ажырасудың алдында тұрғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
"Құдай маған бәрін берді. Бірақ некем сәтсіз сияқты", – деп жазба қалдырды ол Instagram-дағы парақшасында.
Элизат үшін уайымдаған оқырмандары оны сұрақтың астына алды.
"Ажырастыңыз ба?" - деп сұрады көпшілік.
"Әзірге жоқ, бірақ жақында иә", – деп қысқа қайырды ол.
Берікова артқа қадам жасағысы келмейтінін кесіп айтты.
"Әзірге ішім бос. Басқа түк жоқ. Онымен бірге ма, жоқ па, бәрібір бақытты боламын. Бастысы, менің балаларым", – деп ақтарылды ол стористе.
Айта кетейік, Элизат Берікова 2018 жылы Жәнібек есімді азаматпен отбасын құрды. Екеуінің екі ұлы өсіп келеді.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"