"Kesh You" тобының экс мүшесі Элизат Берікова екінші рет тұрмысқа шығуға қорқатынын айтты
Танымал “Kesh You” тобының экс мүшесі, бүгінде өнерден алыстаған Элизат Берікова “Қыздар-ай” бағдарламасында екінші рет тұрмыс құру туралы ойын ашық айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/elizaberikova007
Осыдан екі жыл бұрын ажырасып кеткен Элизат Берікова екінші рет тұрмыс құруға не кедергі екенін айтты. Бағдарлама жүргізушісінің: “10 жылдан кейін өзіңді қалай елестетесің? Сен тұрмыс құрғансың ба?” деген сауалына экс әнші: “10 жылда балаларым өседі, ер жетеді. Екінші рет тұрмысқа шығуға дайын емеспін. Өйткені қорқыныш бар. Бірінші жасаған қателігімді екінші рет қайталағым келмейді. Содан қорқамын”, – деп жауап берді.
Еске салайық, Элизат Берікова 2018 жылы тұрмысқа шығып, екі ұлды дүниеге алып келді. Алайда бірінші некесі сәтсіз аяқталып, әнші 2021 жылы күйеуімен ажырасып кетті.
Бұған дейін ол бақытты өмір жайлы жазба жариялап, оқырманын ойландырып қойған болатын.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған