Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Керемет келін емеспін": Қыран Талапбектің әйелі енесімен қарым-қатынасы туралы айтты

Белгілі мобилограф, кәсіпкер Қыран Талапбектің әйелі актриса Гүлзада Тұрлаш оқырман қауыммен сырласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulzada_tl/

Актриса жеке парақшасында отбасы, ене, келін тақырыбындағы сұрақтарға жауап берді. 

“Жаңадан түскен келінге беретіндей кеңесім жоқ. Өзім де керемет келін емеспін. Бірақ барған жеріңізге бақыт сыйлаймын деген ниетпен баруыңызға тілектеспін”, – деп жауап берді актриса.



Сонымен қатар өнер иесі “үйленбеген жігіт ажырасқан қызды ала ма?” деген сауалды да жауапсыз қалдырмады. 

“Біреудің өміріне баға беріп, айыптаудың қажеті жоқ. Себебі өзіңізді немесе болашақ балаларыңызды не күтіп тұрғанын білмейсіз. Аллаға аян дүние. Мейірімді болайық! Біреудің бақытына қол сұқпай, қуана білейік!”, – деп жауап қайтарды сауал иесіне. 

Одан кейін, актрисаның үнемі күліп жүретінін байқаған оқырманы мұңаятын сәтін сұрады. 

“Мен де ет пен сүйектен жаралғанмын. Алланың жаратылысымын. Сіздер секілді мен де мұңаямын, жылаймын, көңіл-күйім түседі. Бұл – процесс. Ешкімнің өмірін идеал етіп көрмеңіз. Өмір ақ пен қарадан тұрады емес пе?!”, – деп жазды өнер иесі. 

Еске салайық, Гүлзада Тұрлаш курсына қатысқаннан кейін, тұрмысқа шыққан қыз туралы айтқанын жазған едік.  

Талқылау