Кепілге алған ба? Қазақстандық шенеунік "Талибанмен" бірге түскен фотосуретін түсіндірді
Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың ауған киіміндегі қарулы адамдармен түскен суреті қызу талқылануда. Шенеунік анығын ашып айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай Айбек Смадияровпен бірге суретке түскендер тәліптер емес, Кабулдағы мекемелердің бірінің күзетшілері екен.
"Әрбір елшіліктің өз күзетшілері бар. Біз Ауғанстанға келіп тұрып, неліктен естелікке суретке түсіп алмасқа? Бізде Қазақстанда да үнемі жұмыс формасын киетін күзетшілер бар. Бұл естелік үшін түсірілген суреттер, сондықтан бұдан саяси астар іздеудің қажеті жоқ", – деді Айбек Смадияров.
- Тоқаев: Ауғанстанды теңдессіз қиындықтармен жалғыз қалдырмауымыз қажет
- Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі "Талибан" басшыларының бірімен кездесті
Айта кетейік, бұдан алдын Қазақстандық делегация Кабулға барған болатын.
"Талибан"* – Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"