"Кең байтақ жерімізді қоқыс басқан": Маңғыстаулық блогер қалдықтар жайылған даланың видеосын желіге жариялады
Маңғыстаулық блогер Азамат Сәрсенбаев өзінің Instagram желісінде шақырымдап шашылып, қоқыс басқан даланың видеосын жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Блогер Баянды ауылының маңында бүкіл Ақтау мен Маңғыстау облысының халқының тұрмыстық қалдықтары төгіліп, сұрыпталатын полигонның бар екенін айтады. Сөзінше, сол полигон қоршалмағандықтан, қоқыс далаға жайылған.
"Өкінішке орай, далада шашылып жатқан осы қоқыстардың барлығы шенеуніктердің ғана емес, қоғамымыздың да қоршаған ортаға деген немқұрайлы көзқарасының салдары. Неліктен жұртшылық жауапкершілікті сезінбейді? Полигон неге қоршалмаған? Неліктен қарапайым экологиялық нормалар мен талаптар сақталмайды? Неліктен кең-байтақ жерімізді қоқыс басқан? Бізге не болған?” – деді блогер.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған